«Бәйтерек» тобында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік ертеңгілік өтті. Балалар бұл мерекеге үлкен дайындықпен келіп, аналары мен әжелерін және барлық әйелдерді қуантты. Балалар әдемі әндер айтып, көңілді билер билеп, мәнерлеп тақпақтар айтты. Мереке өте жылы, көтеріңкі көңіл-күйде өтті. Балалар өз өнерлерімен баршаға қуаныш сыйлады. Бұл күн бәріміз үшін жарқын әрі есте қаларлық мереке болды.