"Қызғалдақ" ересек тобында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік ертеңгілік өтті. Бұл мерекелік шараның мақсаты – балаларға аналарға, әжелерге, әпкелерге деген құрмет пен сүйіспеншілікті тәрбиелеу, мейірімділік пен қамқорлық сезімдерін қалыптастыру. Ертеңгілік барысында балалар аналар мен әжелерге арнап әсем өлеңдер оқып, көңілді әндер айтып, би биледі. Ертеңгілік өте әсерлі, көңілді және жарқын өтті.