«Айналайн» мектепалды даярлық тобы 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш өткізді. Студенттеріміз сүйікті аналары мен әжелеріне арнап жылы лебіздерін дайындады: тақпақ айтты, ән айтты, би биледі, көңілді ойындарға қатысты. Кеш өте жарқын, мейірімді және әсерлі болды. Балалар аналарын, әжелерін, барлық әйелдерді көктемнің тамаша мерекесімен шын жүректен құттықтады. Әр шаңырақта жылулық, қуаныш пен күлкі кетпесін!







