Ересек "Қошақан" тобында "Ана – өмір шырағы" атты мерекелік ертеңгілік жоғары деңгейде өтті. Балалар өздерінің сүйікті аналары мен әжелерін құттықтап, әсем билер билеп, қызықты ойындар ойнап, жүрекжарды өлең-тақпақтарын арнады. Мерекелік шара барысында бүлдіршіндер аналарына деген шексіз сүйіспеншіліктерін көрсетіп, жылы лебіздерін білдірді. Ата-аналар балалардың өнерін тамашалап, ерекше әсер алып, көтеріңкі көңіл күйде болды. Осындай мейірім мен қуанышқа толы мерекеде барлық аналарға алғысымызды білдіреміз. Отбасыларыңызға амандық, денсаулық, бақыт тілейміз!







