КМҚК «№17 бөбекжайы» өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті!

Мерекелік шараға құрметті қонақтар, білім бөлімінің өкілдері, ата-аналар, алғашқы басшы және балабақшамыздың алғашқы түлектері қатысты.

Іс-шара барысында қонақтар педагогикалық ұжымның он жыл ішінде жеткен жетістіктерімен танысып, балабақшаның білім беру кабинеттері мен кеңістіктерін аралады.

Мерекенің ерекше сәні — тәрбиеленушілеріміздің жарқын әрі шығармашылық өнерлері болды. №17 бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Қойшина Айман Мұхамеджановна ұжым қызметкерлері мен ата-аналар комитетінің өкілдерін алғыс хаттармен марапаттады.

Мереке балабақшамыздың әнұранын барша ұжым мен тәрбиеленушілердің бірге орындауымен аяқталды. Әнұран сөзінің авторларының бірі — музыка жетекшіміз Оразалина Сабина Әкімбекқызы. 
10 жыл — бұл еңбек, шығармашылық, жетістіктер мен бақытты балалық шаққа толы жылдар!

Мерейтойың құтты болсын, сүйікті №17 бөбекжай!