Бүгін еліміз үшін аса маңызды күн – Қазақстанның жаңа Конституциясы заңды күшіне енді. Тәуелсіз мемлекетіміз дамудың жаңа көкжиегіне қадам басты.
Жаңа Ата Заң – халықтың еркімен қабылданған мемлекетіміздің басты төлқұжаты. Ел азаматтары бүкілхалықтық референдумда белсенділік танытып, тарихтың жаңа парағын ашуға өз үлесін қосты.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі – ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға», – деп атап өтті. Сондықтан Конституциямызды халықтық деп атауға толық негіз бар.
Бүгінде «Адал азамат» тұжырымдамасы, «Заң мен Тәртіп» қағидаты және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы қоғамда жаңа мәдени ұстаным қалыптастыруға ықпал етуде.
Жаңа Ата Заңымыз еліміздің жарқын болашағы мен Әділетті Қазақстанды құру жолындағы сенімді негіз болғай!
Баршаңызды жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуімен шын жүректен құттықтаймын!








